Сараптама
-
-
Украина мен Ресей: Ердоған келіссөздерді қайта жандандыруға неге мүдделі?
Қарашада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерді Ыстамбұлда қайта жандандыруға шақырды. Бұдан бұрын Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөздері үш мәрте өткен. Түркияға делдал болу не үшін керек және Ресей мен Украина арасында келіссөздер жүргізуде Түркияның басқа елдерден қандай артықшылығы бар? BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
04.12.2025
-
Автолизинг қалай беріледі: Алғашқы клиент тәжірибесі
Қазақстанда 1 желтоқсаннан автолизинг бағдарламасы басталды. Алайда әзірге республика бойынша лизингпен пилоттық режимде тек бір-ақ көлік берілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бағдарлама енді енгізіліп жатқандықтан, 2026 жылдың басына дейін масштабталатынын мәлімдеді. Алғашқы көлік лизингке қандай шарттармен берілді, жаңа жүйенің артықшылығы қандай BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
03.12.2025
-
Үкімет "Бәйтерекке" 1 трлн теңге бөледі: Қазақстан экономикасында не өзгереді?
Қазақстан экономикасында алдағы жылдары іске асатын ең ауқымды қаржы құралдардың бірі – Үкіметтің "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін 1 трлн теңгеге дейін капиталдандыру туралы шешімі. Бұл қомақты ресурс нақты секторды дамытуға, жаңа өндірістер ашуға және өңірлік экономикаға жаңа серпін беруге бағытталған.
26.11.2025
-
Банктер жалған несиелерді қалай жабады? Толық механизм түсіндірілді
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтық несие рәсімдеу жағдайларына қатысты түсіндірме беріп, мұндай қарыздарды банктердің өз есебінен жабу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.11.2025
-
Қазақстан ұлттық автомобиль брендін іске қосады: жоба туралы не белгілі
Қазақстанның өзіндік ұлттық автомобиль бренді пайда болуы мүмкін. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Малайзияның Perusahaan Otomobil Nasional Sdn. Bhd. (PROTON) автомобиль компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытуға және ұлттық автокөлік өндірушісін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстандық автокөлік өндірісі жолға қойыла ма? Өндіріс қандай сипатта іске асырылады? Ұлттық автобренд жасауға еліміз қаншалықты дайын, әрі экспортқа әлеуетіміз жеткілікті ме? BAQ.KZ тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.
19.11.2025
-
Трамп пен Мадуро: АҚШ Венесуэлаға соғыс аша ма?
Екі ел арасындағы шиеленістің себебі неде, АҚШ Венесуэлаға соғыс ашуы мүмкін бе, Қытай мен Ресей Мадуроға күш беріп отыр ма, әскери соққы мұнай бағасына қалай әсер етеді? Саясаттанушы Руслан Мақсаттан сұрадық.
18.11.2025
-
2026 жылдан бастап енгізілетін салық реформасы: кімге тиімді, қандай өзгеріс күтіп тұр?
2025 жылдың 18 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Жаңа Салық кодексі және оған сәйкес түзетулер заңын қабылдаған еді. Бұл реформалар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа кодекс кәсіпкерлерге оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін маңызды мүмкіндіктер әкелері сөзсіз. Жаңа жүйенің тиімділігі туралы зерттеп көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.11.2025
-
Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім: ЕАЭО үшін салдары қандай?
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы шамамен 28 миллиард долларды құрады. Биылғы жылдың 8 айының ішінде бұл көрсеткіш 17 миллиард доллардан асты. Мақсат - екіжақты сауданы 30 миллиард долларға жеткізу. Мұнда ЕАЭО-ның үлесі қандай және он жыл ішінде экономикалық одақ қалай өзгерді? Осы сауалдарға сарапшылармен бірге жауап іздейміз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
13.11.2025
-
Қазақстан қайда және қанша көлемде ет экспорттады: ішкі нарық неге қымбаттап барады?
2025 жылы сиыр етінің орташа бағасы 3000 теңгені, ал қой еті 3300 теңгені құрап отыр. Бағаның бұлай өсуіне не әсер етіп отыр, Қазақстан биыл қанша ет экспорттады деген сауалдармен Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы сұраныс жібердік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
Жаңа заң: ЛГБТ насихатына қандай шектеу енгізіледі
Мәжілісте архив ісін дамытуға арналған заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Құжатқа қоғамда ерекше талқыланып жүрген бірқатар өзекті түзетулер енгізілді. Олардың ішінде балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі теріс контенттен қорғау және педофилия мен дәстүрге жат бағдарды насихаттауға тыйым салу мәселелері бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
ҚҚС, кедендік шығындар: Электромобиль қымбаттай ма?
Қазақстанда экологиялық көліктерге деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Алайда сарапшылар электромобильдердің ел ішінде тұрақтап қалуы үшін нақты қолдау шаралары қажет екенін айтады. Бүгінде салықтық жеңілдіктер мен инфрақұрылымның жеткіліксіздігі салдарынан электрокөліктер шетелге ағылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
Энергетикадағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Ресей АЭС-ті қалай бірлесіп салмақ?
Қазақстанда АЭС салуға Ресейдің “Росатом” компаниясы таңдалғаны белгілі болғанымен, “АЭС-ті екі елдің “бірігіп салуы” деген нені білдіретіні, қаржыландыру мен мамандар қай елден болатыны, АЭС құрылысына Қазақстан тарапынан қандай кәсіпорындар мен мамандар қатысатыны көпшілікке белгісіз.
11.11.2025
-
Несиенің 45%-ы тұрмыстық тауарларға жұмсалады: Қазақстан экономикасына әсері қандай?
2025 жылы елдегі жалпы несие көлемінің 45%-ы жеке тұтыну мақсатында алынған. Оның ішінде – тұрмыстық техника, телефон мен автокөлік сатып алу. Ал Ұлттық банк дерегінше, жалпы несиелік қарыз 19 триллион теңгеден асып отыр. Бұл халықтың әл-ауқатының көрсеткіші, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
Зейнетақы қалай есептеледі?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі негізінде жүзеге асырады. Кодекстің ережелеріне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін зейнет жасына жеткен азаматтар алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
7 мың заңсыз сайт жабылды: Қазақстанда құмар ойындарға бақылау күшейді
Қазақстанда ойын бизнесі саласында Бірыңғай есепке алу жүйесі іске қосылды. Алғашқы айдың өзінде ол құмар ойындарға қатысты 7 мыңнан астам заңсыз сайтты анықтап, бұғаттауға жіберді. BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап берген Туризм және спорт министрлігі мен оператор компания өкілдері жүйенің қалай жұмыс істейтінін, қандай технологиялар қолданылатынын және болашақта қандай жаңалықтар енгізілетінін түсіндірді.
23.10.2025
-
Цифрлық қорған: банк пен финтех ел экономикасын интернет-алаяқтардан қалай сақтап отыр
Интернет-алаяқтықпен күрес бүгінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты бағыттардың бірі болып отыр. Цифрлық экономиканың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіп-қатерлерді де әкелді. Осы тұрғыда банктер мен финтех-компаниялардың рөлі ерекше, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
Наверх