ОАР елшісімен сұхбат. No racism

ОАР елшісімен сұхбат. No racism

Оңтүстік Африка Республикасы – Африка құрлығының оңтүстігінде орналасып, солтүстігінде Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, солтүстік-шығысында Мозамбик және Свазилендпен шекараласып жатқан ел. Көпұлтты жұрт. G20 құрамына кіретін африкалық жалғыз мемлекет. Бұл елде халқы үшін аса құрметке ие бірегей тұлға – Нельсон Мандела. Ақ нәсілділермен апартеид кезеңінде күрескен тұлғаның кеше – 11 ақпан абақтыдан шыққан күні.

«Қоғамды өзгерткеннен өзіңді өзгерту қиын»

Апартеид (apartheid — бөлек өмір сүру) — нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды оқшау ұстау арқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі.



Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кийтуметци Мэттьюс ханым - Оңтүстік Африка, Мандела және нәсілшілдік туралы:


Сандәйектер:

  • Астана мен Кейптаунның арақашықтығы – 10 799 км;
  • ОАР-да 2017 жылғы сарап бойынша 57,725,600 млн адам тұрады. Ол әлемде 26-орын алады.
  • Өмірдің орташа ұзақтығы – ерлерде – 50 жыл, ал әйелдерде – 48 жыл
    Қара нәсілдер – 79,4 % Ақтар – 9,2 % Түрлі-түсті (көбінесе мулаттар) – 8,8 %
  • Үнділер және азиялықтар – 2,6%
  • ОАР-да бірінші халық санағы 1911 жылы болған. Сол кезде ақтар – 22% құраса, 1980 жылы ақтар 18%-ға дейін түсті.
  • 15 жастан асқан тұрғындардың сауаттылығы 2003 жыл: Ерлер – 87% Әйелдер – 85,7%


Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ
Бөлісу: