Аршалы ауданында төгілген тұз қышқылы адамға қауіп төндіре ме

28 Мамыр 2024, 10:42
391
Бөлісу:
Аршалы ауданында төгілген тұз қышқылы адамға қауіп төндіре ме
Фото: ТЖМ

Ақмола облысында тұз қышқылы төгілген орында газсыздандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданы Сарыоба ауылындағы және жақын маңдағы шаруа қожалығындағы ауаның ластануы рұқсат етілген нормадан аспайды. СЭС қызметкерлері өлшеуді тұрақты негізде жүргізуде. 

Аршалы ауданында төгілген тұз қышқылы адамға қауіп төндіре ме

Қазір СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері газсыздандыру іс-шараларын аяқтады. Ағып кету орнында бейтараптандырғыш заттар сеуіп, әктеу жұмыстары жалғасуда. Павлодар қаласының жүк тасымалдаушы авариялық тобы резервтік цистернаға тұз қышқылын айдау бойынша жұмыс жүргізуде. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдай жедел штабтың бақылауында, - деп атап өтті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы