Жібек жолы ауылының №6 шағын ауданының маңында еріген су деңгейінің жоғарылауына байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер білігін тұрғызу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органдар дереу 18КамАЗ, 13 тиегіш және 6 экскаватор мен бульдозер мөлшерінде күштер мен құралдарын жұмылдырған.
Сонымен қатар 9 сәуірде Қарағанды қаласы ТЖД 30 адам және 1 техника күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ 52859 ӘБ 21 адам, 1 техника және Астана қаласынан 6636 ҰҰ 70 адам, 2 техника жеткізілген.
2300 тонна инертті материал әкелінді, 35 мың қап дайындалып, төселді.
Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті тұрғындардан 200 адам мен 55 ерікті де көмекке келгенін атап өткен жөн, сондай-ақ олар әскери қызметшілер мен құтқарушыларға ыстық шай мен ыстық тамақ әзірлеп алғыстарын білдірді. Су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Аршалы ауданының ТЖБ тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада.