«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, - делінген компания хабарламасында.