Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Арселор Миттал Теміртауға» қарасты ЖЭО-2-ні жөндеу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2-сін дайындау жұмысы ерекше бақылауға алынды.
Министр өткен аптада жөндеу жұмысымен танысып, тиісті өзгерістер енгізді (жөндеу жұмыс кестесіне). №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылатыны анықталды. №7 жаңа қазандықты салу келесі жазға дейін созылады. ТЭЦ-2 министрліктің назарында болады, – деп мәлімдеді вице-министр.