«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

20 Наурыз 2023, 11:18
576
Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: alataunews.kz

Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері жеті шахта мен «Восточный» орталық байыту фабрикасының қызметін тексеруге жұмылдырылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеруді облыс прокуратурасы тағайындады, оның барысында барлық сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану фактісі анықталды. 

Осындай өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, - деп атап өтті Комитет Төрағасы Қуаныш Елікбаев. 

Бұл өлшеу құралдары, мысалы: әр түрлі типтегі электроконтактілі Манометрлер, техникалық манометрлер, торлы және скиптік көтергіштер, компрессорлық, қазандық, көмір жыныстарының көтерілуі, желдету көтергіштері сияқты учаскелерде қолданылатын термометрлер. 

Өзгелердің жаңалығы