"АрселорМиттал Теміртау" Қазақстан меншігіне қашан өтеді

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" акционерлерік қоғамые еліміздің ұлттық меншігіне беру нақты қашанға жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Архив BAQ.KZ 28 Қазан 2023 2023, 17:31
28 Қазан 2023 2023, 17:31
1081
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" акционерлерік қоғамые еліміздің ұлттық меншігіне беру нақты қашанға жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрдің айтуынша, акционерлік қоғамның құқық меншігі қазан айының соңында Қазақстанға беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "АрселорМиттал Теміртаудың" қазіргі акционерлерінің АҚ құрамынан шығуы бойынша келіссөздер жүргізілді, соның нәтижесі бойынша қазан айының соңында осы кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру шарттары туралы келісімдерге қол жеткізілмек, - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев

Министр қазіргі уақытта бұл мәмілені заңды түрде ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатқанын, бұл процесс жақын арада аяқталатынын айтты.

 

Наверх