Әрқашан сұранысқа ие болатын үш мамандық анықталды

1 Сәуір 2025, 08:35
26101
Бөлісу:
Әрқашан сұранысқа ие болатын үш мамандық анықталды
Фото: psycenter.by

Microsoft компаниясының негізін қалаушы, америкалық кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Билл Гейтс ешқашан сұраныстан түспейтін үш мамандықты атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы кәсіпкер Tom's Guide басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол болашақта жасанды интеллект еңбек нарығына айтарлықтай өзгеріс енгізетіндігіне сенімді. Миллиардердің пікірінше, ЖИ өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығы саласына дейінгі көптеген мамандықты кері шегіндіреді.

Нейрожелілер қазіргі уақытта адамның арнайы машығын талап ететін міндеттерді жеңіл атқара алады, - деді Билл Гейтс.

Сонымен қатар ол адамның қатысуын талап ететін, қашан да сұранысқа ие болатын үш мамандықты атады.

Ешқашан "өлмейтін" үш мамандық:

  • Бағдарламалау;
  • Биология;
  • Энергетика.

IT-мамандары ЖИ дұрыстығына жауап берсе, биологтар – ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар жүргізуге жауапты. Ал энергетика саласы – толықтай автоматтандыру үшін тым күрделі.

69 жастағы Гейтс жасанды интеллектіні барлық жерде енгізудің арқасында болашақта адамдар жұмыс аптасын қысқартып, екі-үш күн ғана жұмыс істейтін жағдайға жетеді деп есептейді.

Өзгелердің жаңалығы