Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Бүгін 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы Қостанай облысының Арқалық қаласында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда. Северный елді мекенінің шамамен 75% тазартылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында Төтенше жағдай енгізілгені белгілі болды.