Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көрмеге қорғаныс костюмдері, арнайы аяқ киім, маскалар, респираторлар, сақтандырғыштар және биікте жұмыс істейтіндерге арналған бекіткіштер қойылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Бұл көрме жеке қорғаныс құралдарын өндірудегі жаңа үрдістер мен бағыттарды көрсетеді. Көпшілік назарына ұсынылған көптеген заттар бүгінде біздің өндірістерімізде қолданылады - бұл тыныс алу органдарын қорғау құралдары, биіктіктен құлаудан қорғау құралдары. Өндірушілер құралдарды әзірлеуде заманауи материалдарды пайдаланады. Жеңілдетілген және ыңғайлы қорғаныс құралдары адамның өмірі мен денсаулығын барынша сақтауға мүмкіндік береді», - деді «Арселор Миттал Теміртау» Көмір департаментінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі басқармасының директоры Игорь Федосеев.
Қазір компания кәсіпорындарында биіктікте жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған карабин-сақтандырғыштар мен қазіргі заманғы бекіткіштерді сатып алу жоспарланып отыр. Бұл құрылғылар арнайы механизмнің арқасында адамның биіктіктен құлап кетпеуін қамтамасыз етеді.
Теміртау металлургия комбинатында «Лазерные системы» Cанкт-Петербургтік компаниясының адам демімен шығатын көмірқышқыл газ бен этил спиртін ыдыратуға арналған құрылғысы сыналды. Аталмыш механизм бір секунд ішінде мас болу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі қолданыстағы қарапайым датчиктер мұндай сараптауды үш минуттан он минутқа дейінгі аралықта жүзеге асырады.
Ал «Киім желісі» қазақстандық компаниясы көрмеге арнайы тор көзілдірік жасап шығарды. Олар көзді сынықтар мен шаңнан қорғайды, сондай-ақ бұл көзілдіріктер сызылмайды және буланбайды. Аталмыш фирма сонымен қатар «3М» американдық өндірушінің ресми дистрибьюторы болып табылады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына инновациялық маскалар мен респираторларды жеткізумен айналысады. Олар тіпті жоғары ылғалдылықта статикалық заряд сақтайды, бұл шаңның ұсақ дисперсті бөлшектерін ұстап тұруға мүмкіндік береді.