Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері алғаш рет жүкті әйелге күрделі ота жасады. Қазір пациент пен сәбидің жағдайы жақсы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жүктіліктің 38 аптасында болған атыраулық тұрғынға «Жатырдағы екі тыртық. Плацентаның босану жолында орналасып, жатырдағы тыртыққа енуі» диагнозы қойылыпты. Жағдайы ауыр болғасын пациент жоспарлы түрле орталыққа жатқызылып, ота арқылы босндырылыпты. Ота кезінде анестезия әдісі қолданылған. Науқас ота кезінде ояу болды.
Пациентке автогемотрансфузия аппараты мен "лапаротомиялық ультрадыбыстық скальпель" құрылғысы арқылы жасалған операция сәтті өтіп, әйелдің репродуктивтік органдары (метропластика) сақталды. Орталық дәрігерлері бұл жолы ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін кешенді ем қолданып, жаңаша әдіс таңдап алды. Себебі жатырға плацентаның жабыса бітуі және бұрынғы отадан қалған тыртық салдарынан кәдімгі кесарь тілігін жасау қауіпті еді. Көп жағдайда операция кезінде қан кетіп, әйелдің жатырын алып тастауға тура келетін, - дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрай Махонова.
Ақ халаттылар мұндай ота перинаталдық орталық тарихында тек 2023 жылдан бастап жасалатынын айтты. Осы жолы алғаш рет аутогемотрансфузия аппараты қолданылған көрінеді. Ота үстінде кеткен қан қайта пациенттің өзіне құйылыпты. Соның арқасында донорлық эритрацитарлық масса мүлдем қолданылмаған.
Бір қуантарлығы ультрадыбыстық скальпель инструментін қолдану арқылы плацентаның тыртыққа енген бөлігіне коагуляция жасалып, кесіп алып тасталды. Бұл әдіс арқылы қан кету көлемін азайтқан.
Дәрігерлер отаның сәтті өтуіне орталыққа жаңадан алынған замануаи жабдықтар себеп болды.