Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 11 желтоқсанда астаналық көрерменнің назарына Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мерекелік концерттік жобасын ұсынды.
«Астана Балет» театрының сахнасында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Арнау» атты симфониялық музыка кешінде Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) беделді ХХ халықаралық пианистер байқауының лауреаты, феноменальды қазақстандық пианист Әлім Бейсембаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі Людвиг ван Бетховеннің №3 «Героическая» симфониясы мен Сергей Рахманиновтың Паганини тақырыбына рапсодиясын (ля минор 43-оп.), сонымен қатар, Морис Равельдің «Дафнис пен Хлоясын» шебер орындап, тыңдармандарын тәнті етті.
Алматылық тыңдармандар үшін, Әлім Бейсембаев 26 желтоқсанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен «Fhilharmonic New Year Fest» фестивалі аясындағы «Чайковский-GALA» концертінің бірінші бөлімінде өнер көрсетеді.
Екінші бөлімде көрермендер симфониялық оркестр мен джаз биг-бэндінің орындауында Петр Ильич Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» балетінің бірегей нұсқасын тыңдай алады.