Мәжілісте Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы азаматтардың сапары мен олардың болу тәртібі жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл бірінші ел емес. Бұған дейін біздің мемлекет көптеген басқа да елдермен осындай ратификациялар жасады. Бідің аамататтар Ресейге, Қырғызстанға өзіміздің жек куәлігімізбен барып тұрды. Бұл ратификациялардың нәтижесі. Енді осы қатарға Армения қосылып отыр. Келісім аясында арнайы тәртіп енгізілуде: екі ел арасындағы азаматтар жөніндегі ақпарат алмасу, көші-қон мәселелерін реттеу, сондай-ақ азаматтардың басқа елде болу тәртібі, қандай мерзімде, қандай әрекеттер жасауы керектігі нақтыланған,-деді депутат Максим Рожин.
Депутаттың айтуынша, бұл құжат екі ел арасындағы сауда-саттыққа да оң әсерін тигізеді.
Армения мен Қазақстан парламенттері арасындағы Достық тобы мүшесі ретінде және осы жұмыс тобының мүшесі ретінде заңдыь өте жақсы бағалаймын. Өткені біздің елде мұндай заң азаматтардың әсіресе сауда-саттықпен, іскерлік қатынаспен айналысатындардың қозғалысын жеңілдетеді. Бұрын азаматтар тек төлқұжатпен ғана бара алатын болса, енді жеке куәлік жеткілікті. Сондай-ақ құқық қорғау органдары арасындағы ақпарат алмасу да реттеліп отыр,-деді ол.
Ратификацияның тағы бір ерекшелігі бар. Қазақстанда қос азаматтық болмағанымен Арменияда ол заңдастырылған.
Егер біздің елге қос азаматтығы бар азамат келсе немесе Қазақстан азаматының қос азаматтығы бар екені анықталса, енді мұндай деректер екі ел арасындағы ақпарат алмасудың нәтижесінде белгілі болады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік жоқ еді,-деді ол.
Армения азаматы Қазақстанға келіп, оның қос азаматтығы бар екені анықталса, ол Арменияда бір азаматтығынан айырылады, сондай-ақ айыппұл салынады.