Арменияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда 2 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.&nbsp;</h4>

 20 Маусым 2021 2021, 11:45
20 Маусым 2021 2021, 11:45
2095

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда 2 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды. 

Дауыс беру 08:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлады ТАСС.

Сайлаушылар 25 саяси партия мен блокқа дауыс бере алады. 

Соңғы сауалнамаларға сәйкес, халықтың фавориттері - Азаматтық келісім партиясы, оның жетекшісі Министрлер кабинетінің қазіргі басшысы Никол Пашинян және Арменияның екінші президенті Роберт Кочарян басқаратын Армения блогы болып отыр.

Парламентке өту үшін партия кемінде 5%, блоктар – 7% дауыс жинауы қажет.

Сайлауда 2,5 миллионнан астам адам дауыс бере алады.

Наверх