Армения жабық бөлмелерде міндетті маска режимін жойды

3 Наурыз 2022, 14:25
1361
Бөлісу:
Армения жабық бөлмелерде міндетті маска режимін жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция билігі елдің COVID-19 індетінің ауыр кезеңінен шыққанын жариялады.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Үкіметтің ресми өкілі Габриэль Атталдың айтуынша, өткен аптада ковид ауруы үштен бірге азайды. Билік шектеулерді біртіндеп жеңілдетуде және дүйсенбіден бастап, жабық жерлерде маска режимін жойды. ️

Армения Денсаулық сақтау министрлігі жабық бөлмелерде міндетті маска режимін жойды. Тек медициналық мекемелер ғана міндеттеледі. Соңғы екі аптада елде коронавирусқа оң нәтижелі сынақтардың үлесі бұрынғы 37,9% орнына 18,1%-ды құрады. ️

Оңтүстік Кореяда пандемия кезінде алғаш рет 200 мыңнан астам COVID-19 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте елде 219 241 жағдай анықталған. 

Сондай-ақ, алғаш рет Вьетнамда күніне 100 мыңнан астам ковид инфекциясы тіркелді, яғни -110 301 жағдай. 
 

Өзгелердің жаңалығы