Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арменияның Министрлер кабинеті коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген төтенше жағдайды 12 тамызға дейін ұзартты, деп хабарлайды РИА Новости.
16 наурызда жарияланған төтенше жағдай 13 шілдеге дейін жалғасқан еді. Енді тағы 12 тамызға дейін созылды, - деді Арменияның Әділет министрі Рустам Бадасян Үкімет отырысында Үкімет мақұлдаған шешім жобасын таныстыра отырып.
Оның айтуынша, осымен төртінші рет төтенше жағдай созылған. Арменияда коронавирустың таралуымен күресу үшін 16 наурыздан 13 шілдеге дейін төтенше жағдай жарияланды. Жексенбі күнгі мәліметтерге сәйкес, елде 31969 адам осы індетті жұқтырып, 565 адам қайтыс болған.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда жаңа COVID-19 пандемиясы басталғанын хабарлады. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша әлемде 12,5 миллионнан астам адамнан инфекция белгісі анықталған, 561 мыңнан астам адам қайтыс болды.