Архивтегі құпия құжаттар 50 жылдан кейін ашылу керек – жазушы

27 Мамыр 2022, 14:39
1608
Бөлісу:
Архивтегі құпия  құжаттар 50 жылдан кейін ашылу керек – жазушы
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Архив құжаттары 50 жылдан кейін ашылу керек деген заң бар. Халықаралық конвенция бар, онда да ең құпия құжаттар,  яғни шпиондар жайлы болса да 70 жылдан кейін ашылу керектігі айтылады. Ал бізде ХХ ғасырдағы жандармерияның құжаттары жабық тұр.

Бұл туралы тілші-ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Әнес 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткен «Қазақ және  Қырғыз халықтарының үркіншілік кезеңдеріндегі өзара көмек тарихынан» атты еларалық ғылыми-практикалық конференциясында айтты.

Ғалым жиын барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыстар жүріп жатқанын, ол жөнінде арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.

Архивтегі құпия  құжаттар 50 жылдан кейін ашылу керек – жазушы

Бізде барлық архивтердің құпия бөлімі бар екен. Бұған дейін тек КГБ-ның құжаттары құпия ұсталады деп жүрдік. Сөйтсек, прокуратура, ІІМ, кез келген министрлікте құпия архив бар екен. Тіптен, әлеуметітк қамтамасыз ету министрлігінің архивінен Халел Досмағамбетовтың жарының құжаттарын тауып алдым. Ол кісінің зейнетке шыққандағы бүкіл ісі бар екен. Ол кісінің отбасы жайлы деректер таба алмай жүр едік, сол жерден бүкіл құжатты таптық,-деді ол.

Сондай-ақ ол қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жүріп жатқанымен архивтердегі құжаттарды құпиясыздандыру проблема болып тұрғанын жеткізді.

Архивтегі құпия  құжаттар 50 жылдан кейін ашылу керек – жазушы

Мен сол 50 адамнан тұратын комиссияның мүшесімін. Қазір кімді құпиясыздандырамыз деген тақырыпта дау болып жатыр. Қазір Совет үкіметі жоқ, одан бөлек архив 50 жылдан кейін ашылу керек деген заң бар. Ал бізде 20-шы ғасырдағы жандармерияның құжаттары жабық тұр. НКВД өзге де ұйымдардың құжаттар қазір президенттің архивіне келіп түсіп жатыр. Ол жерде құжаттарды құпиясыздандыратын бөлім ашылып, жұмыс жүріп жатыр, – деді Ғарифолла Әнес.

Конференция барысында Қырғызстан тарихшылары ашаршылық жылдары қырғыз еліне үдере көшкен қазақтар жайлы, оларға көрсетілген көметер туралы деректерімен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы