Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады

19 Тамыз 2022, 17:06
1564
Бөлісу:
Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады
PHOTO

Қызылорда облысындағы ортағасырлық Жанкент қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары биыл да жалғасты. Зерттеушілер жаратылыстану ғылымдары әдістерін қолданып, Жанкенттің абсалюттік жасын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда  университетінің медиа орталығының мәлімдеуінше, бұған дейінгі деректерде көне қаланың ІХ-ХІ ғасырларда бой көтергені айтылса, жаңа зерттеулер шаһардың іргетасы VІІ ғасырда қаланғанын көрсетті.

Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады

Ескерткіш бүгінде төрт жерден қазылып, археологтар заманауи инновациялық құрал-жабдықтардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табылған жәдігерлер археологиялық зерттеулер зертханасында өңделіп, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына беріледі.

Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады

Айта кетейік, жобаның ғылыми жетекшілері археология ғылымдарының докторы, профессор Генрих Харке, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тажекеев және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Аржанцева. Зерттеу жұмыстарына Тюбинген университетінің, Ресейдің Жоғары Экономика мектебінің, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  студенттері мен 35 ғалым қатысып жатыр.

Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады
Өзгелердің жаңалығы