Елордада ат спортынан «Арғымақ» кубогы өтеді деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен «Ат-спорты маусымының ашылуы» брифингінде айтты.
26 ақпан күні ат спорты бойынша «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің кубогы өтеді.Бұл туралы А 50- ге жуық спортшы қатысатын жарыстың жалпы жүлде қоры 12 000 000 теңгені құрайды. Жарыс 5 бағдар бойынша өтеді.
Бірінші, «Балалар санатында» 110-см ге дейін кедергілерден секірумен басталады. Екінші бағдар «4 жастағы жас аттар категориясы» кедергілердің биіктігі 100 см-ге дейін болса, үшінші бағдарда «5 жастағы жас аттар» биіктігі 120 см-ге дейін кедергілерден секіру арқылы жарысады. Ал төртінші бағдар «6 жастағы жас аттар категориясы» 125 см-ге дейін болса, бесінші бағдарда биіктігі 130 см болатын кедергілерден өтуі керек.
Жалпы ат спорты жарысының өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары бар. Ресми жарыстарға келетін жылқылардың денсаулығына қойылатын ветеринариялық талаптар қолданыстағы ветеринариялық заңнамаға және ветеринариялық ережелерге сәйкес келеді. Жарысқа келген әрбір жылқы осы жылғы және өткен жылғы ветеринариялық өңдеулері бар ветеринариялық паспортпен қамтамасыз етілуге тиі. Сондай-ақ жылқы иесінде Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының ұлттық спорт паспорты болуы керек,- дейді Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.
«Арғымақ» ашық кубогынан бөлек, елордада 8-наурыз әйелдер мерекесіне орай жарыс өткізу жоспарланған. 30-ға жуық шабандоз қатысатын доданың жүлде қоры 6 миллион теңге. Олар 3 санат бойынша сынға түседі.
Одан бөлек Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазанат» ипподромында солтүстік аймақ ойыншылары қатысатын көкпар өткізіледі. Көкпарға Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай қалалары мен Ақмола облысының командалары қатысады. Жарыстың жүлде қоры 19,5 млн теңгені құрайды. 1-орынға-10 млн теңге, 2-орынға -6 млн теңге, 3-орынға 3,5 млн теңге беріледі.
Әсел Әбілбек