Экобелсенділер Буэнос-Айрес көшелерінде наразылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Соңғы деректерге сәйкес, шеруге жүздеген адам қатысты. Халық қоршаған ортаны қорғау үшін күні-түні дамылсыз жұмыс істейтін қарапайым жұрттың жалақысын көтеруді талап етті. Олар көшелерде шыны, пластмасса қоқыстарын жинаудан шаршадық дейді. Наразылық шарасы дүниежүзілік мэрлер саммитімен тұспа-тұс келді.
Буэнос-Айресте климаттың өзгеруіне қатысты халықаралық ынтымақтастықты талқылау үшін 100 қаланың өкілдері кездесті. Олар Париж келісімінің жаһандық жылынуға қарсы жоспарын әзірлеуде.