Аргентинада 16 мыңнан астам гектар жер күлге айналды

Аргентинаның солтүстігіндегі Кордоба аймағында алапат өрт 16 мыңнан астам гектар аумақты күлге айналдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.

24 Қыркүйек 2024 2024, 19:35
АВТОР
 24 Қыркүйек 2024 2024, 19:35
24 Қыркүйек 2024 2024, 19:35
795

Аргентинаның солтүстігіндегі Кордоба аймағында алапат өрт 16 мыңнан астам гектар аумақты күлге айналдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Тілсіз жау өткен аптада тұтанған. Содан бері дес берер емес, керісінше, өршіп барады. Тілсіз жаумен қазір 700-ден астам өрт сөндіруші күресіп әлек. Табиғи апатқа күшті жел, жоғары температура мен құрғақшылық қолайлы жағдай тудырған. Қасақана от қойды деген күдікпен 19 және 31 жастағы екі ер адам қамауға алынды.

Мына өрт бізді барымыздан айырды. Үйіміз бен барлық заттарым жанып кетті. Үкімет тарапынан көмек аса көрсетіліп жатқан жоқ. Далада қаңғып қалдық, - деді жергілікті тұрғын Гонзола Касерес.

Наверх