Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аргентина жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

3 Мамыр 2025, 01:26
2162
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Аргентина жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 7,1 балл болған.

Зілзала ошағы Ушуайя қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 285 км, ал Чилидің Пунта-Аренас қаласынан 511 км қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің тереңдігі – 10 км.

Бұл аймақта жалпы 170 мыңнан астам халық тұрады.

Цунами қаупі жарияланды, жағалаудағы елді мекендерге эвакуация қаупі бар. Тиісті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Өзгелердің жаңалығы