Ардақ Назаров әскерге спорт түрлерін енгізіп, оны қазақ тілінде жүргізуді ұсынды

30 Қараша 2023, 17:23
696
Бөлісу:
Ардақ Назаров әскерге спорт түрлерін енгізіп, оны қазақ тілінде жүргізуді ұсынды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әскерге спорт түрлерін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат осыған қатысы сауалын Премьер-министр мен Қорғаныс министріне ұсынды.

Әскеріміз физикалық тұрғыда күшті болуы үшін ММА, аралас жекпе-жек, джиу-джитсу спорт түрлерін кіргізуіміз қажет. Әскери әмірлер, бұйрық-пәрмендер тек мемлекеттік тілде ғана берілу қажет. Әскери құпия құжаттар мен бұйрықтарға қолжетімділікті шектеп, қатаң түрде қадағалауға алу қажет, - дейді депутат.

Сонымен қатар Назаров әр жылда шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу мақсатында, сарбаздардың біліктілігін арттыру үшін әскері қуатты мемлекеттерге оқуға жіберу керегін ұсынды.

Оның сөзінше, әскери қызметкердің отбасылық жағдайы ескеріліп, баспанамен қамтамасыз ету, атқарған стажына сәйкес қосымша көптеген әлеуметтік жеңілдік қаралу қажет.

Ардақ Назаров назар аударатын мәселелерді атап, ұсынысын айтты:

1. Пилотсыз ұшу аппараттарын басқарушылар санын көбейту аясында оқу орындарында дрондармен ұшу, құрастыру, жетілдіруге қатысты жанжақты қамтылған бағдарламаларды мектептерге енгізу.

2. Әскери медицина аясында сарбаздардың өз-өзіне жедел көмек көрсету бағытын мектептерде, жоғарғы оқу орындарында кеңінен үйрету. Оған қажетті материалдық, оқу-құралдармен, медикаменттермен қамтамасыз ету.

3. Қару-жарақ, оқ-дәрімен қамтамасыз ету бағдарламаларын әлемдік стандарттарға көшіру. Бізде әлі күнге дейін Совет үкіметінен қалған қару-жарақтарды оқ-дәрімен қамтамасыз ету, инженерлік техникаларға, ұшақтарға техникалық қызмет көрсету белгілі бір елден ғана екенін ұмытпауымыз керек. Әлемдік озық технологияларды елімізге алып келіп, қажетті қару-жарақ шығару өндірістерін елімізде ашуды қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы