Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген құрмет қашан да жоғары.
Өткен жылы өңірдегі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай 150 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік төлемдер берілген. Ал биыл 75 майдангерге 300 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілмек.
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен ағымдағы жылы Тараз қаласы және аудандық бюджеттерге өзгерістер енгізіліп, ардагерлер мен оларға теңестірілгендерге және тылда қызмет еткен еңбеккерлерге біржолғы әлеуметтік төлемдер көлемі екі есеге арттырылды. Бұл қаражат жалпы алғанда 200 миллион теңгеден астам соманы құрап отыр.
Айта кетейік, тараздықтар былтыр Жеңіс күнін қайта жаңғыртылған «Жеңіс» саябағында кең көлемде атап өткені белгілі. 34 жыл бұрын салынған саябақ жергілікті әкімдіктің бастамасымен түрленіп, жаңаша кейіпке енгеніне барша тұрғындар куә.
Саябақта Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған үлкен мемориалды кешен орнатылды. Батыр Бауыржан Момышұлының ескерткіші, «Мәңгілік алау» осы жерге сәтті көшірілді. Бұрын онда "Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы" деген атаудан басқа тарихи оқиғаға қатысты жәдігер жоқтың қасы болатын.
30 жылдан бері жөндеу көрмеген жасыл бақты заманауи келбетке келтіру үшін 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жамбылдық 48 батырдың есімі жазылған «Батырлар аллеясы», осы өңірден майдан даласына аттанған 100 мыңнан астам ардагердің аты-жөні мәрмәр тасқа қашап жазылды. «Даңқ аллеясы», Ауған соғысы, Семей ядролық сынақтар және Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюшыларға арналған ескерткіштер ашылды. Бұлар өз кезегінде барша марқұм майдангерлер мен арамызда жүрген ардагерлерге көрсетілген құрмет, олардың ерлігіне жасалған тағзымның белгісі.