Әрбір зейнеткерге 59 000 теңгеден. Тағы бір жалған ақпарат тарады

24 Тамыз 2021, 11:26
1375
Бөлісу:
Әрбір зейнеткерге 59 000 теңгеден. Тағы бір жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек екендігі туралы ақпарат таратылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берген екен. Бұл ақпараттың жалған екенін хабарлайды stopfake.kz сайты.

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз, – деп түсіндірді ведомстводағылар.


Өзгелердің жаңалығы