Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Индира Рыстина Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезінде айтылған бастамалар туралы пікір білдірді.
Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтті.Партия «Аманат» деп аталатын болды. Бірақ атаудан басқа да өзгерістер таныстырылды.Саяси алаңның бүгінгі күнгі ең басты критериі бұл – заман талабына сай қоғам талаптарын ескеру. Әрбір саяси институт өзгерістерге бейім болуы керек. Әсіресе, халық мүддесін негізге алатын саяси партиялар, - дейді Рыстина.
Ол атап өткендей, саяси партия теориясына сәйкес партияның сыртқы және ішкі қызметтері бар.
Ішкі қызметтері партияның құрылымы мен қаржыландырылуы туралы. Ал сыртқы қызметі халықпен қарым-қатынас орнатып, ол мүдделерді негізге ала отырып, билікке ұмтылуға бағытталған. Сондықтан да кез келген саяси партияның басты күші – халық. Партияның бар болуы да халыққа байланысты. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізу партияның басты мақсаты. Партия бүгін ұсынған модернизация жоспарына сай, халық үнін естуге және оны билік инстиуттарына жеткізу қызметін бірінші кезекке қойып отыр. Мысалы,кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру,шет аймақтарға партиялық қабылдау алаңдарының шығуы,қоғамдағы ахуалды бағалау үшін құрылған «Әлеумет» жобасы,азаматтардың ұсыныстарының онлайн форматта бақылай алыун еңгізілуі, - деді ол.
Индира Рыстина атап өткендей,⠀партияның аудиториясы кең, мүшелері көп, электораты бар.
Партия осы аудиторияның ойын жинап, мәселелерді саралап, өкілетті каналдары арқылы шешуге бағытталған жұмысты тұрақты негізге қоятын болса, қоғамдағы көптеген қызу нүктелерді азайта алады, - деді ол.