Әрбір қазақтың әділетті қоғамда ғұмыр кешуін қалаймын - Серікзат Дүйсенғазы

24 Наурыз 2023, 19:45
1296
Бөлісу:
Әрбір қазақтың әділетті қоғамда ғұмыр кешуін қалаймын - Серікзат Дүйсенғазы

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Бабамның қаны тамған, анамның жасы сіңген қасиетті де қастерлі Қазақстанымның әлемнің өркениетті елдерімен иық тірестіретін, демократия салтанат құрған елге айналуына мүдделімін. Өйткені, осы мемлекетте менің ата-анам, туған-туысым, отбасым тұрып жатыр. Әрбір қазақтың әділетті қоғамда бақытты ғұмыр кешуін қалаймын. Ұрпағым әділ заң үстемдік ететін елде өмір сүргенін көргім келеді. Сондықтан Астанадағы №1 сайлау участкесіне барып өз таңдауымды жасадым. Мәжіліске де, мәслихатқа да мемлекетшіл тұлғалардың өткенін тілеймін. Еліміз жемқорлықтан таза, береке-бірлігі жарасқан мемлекетке айналуын жаратушы Алла Тағалам нәсіп етсе екен! Әмин!», – деді ақын Серікзат Дүйсенғазы.

Өзгелердің жаңалығы