Әрбір кенші үйіне аман-есен оралатынын білуі керек. Депутаттар бақылауды күшейтуді ұсынды

1 Қараша 2023, 15:25
638
Бөлісу:
Әрбір кенші үйіне аман-есен оралатынын білуі керек. Депутаттар бақылауды күшейтуді ұсынды
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжіліс депутаты Арман Қалықов Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты Мәжілістің атынан депутаттық сауал жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

Депутат Қарағанды көмір бассейні мен болат балқыту комбинатының стратегиялық объектілер екенін атап өтті. Он мыңдаған адамдарымыздың тағдыры солармен байланысты. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Рудный қалаларын ешкім тастап кетпейді.

Алдағы уақытта әрбір жұмыскердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауға ерекше назар аударылады. Бұл қарапайым жұмысшылардың жағдайын жақсартуы керек, олар шахтаға соңғы рет деп түспеуі керек. Кеншілер мен олардың отбасылары ертеңгі күнге сеніммен қарауы керек. Ол үшін біз, депутаттар, әрбір жұмысшының еңбегін қорғау жөніндегі Заңға маңызды түзетулер әзірлеп, Үкіметке жібердік. Заң жобасында өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекциясы және еңбек инспекциясы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды күшейту ұсынылады, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Арман Қалықов.

Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтардың қауіпсіздігі, олардың еңбек құқықтарын қорғау артта қалып отыр. Бүгінде елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 260 мемлекеттік инспектор ғана бар. Бұл жеткіліксіз екені айдан анық.

Үкімет өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау функцияларын күшейту туралы ойлануы керек. Бұдан басқа, елдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды тексеруге мораторийді алып тастайтын кез келді. Біз қауіпті және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін барлық адам үшін зейнетке шығу жасын төмендету бойынша жұмысты жалғастырамыз, - деді депутат.

Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені шешудің маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай-ақ Кәсіби аурулар және еңбек гигиенасы институтына ерекше мәртебе беру – бұл жеке дара мәселе.

Мен қаза тапқан барлық отандастарымыз біздің есімізде мәңгі сақталады дегім келеді. Президенттің тапсырмасы бойынша әр отбасы мен олардың балалары барлық қажетті көмекті қажетінше алады. Барлық қаза болғандарды ұмытпаудың ең жақсы жолы – өндірістерді қауіпсіз ету. Әрбір кенші бүгін үйіне, өз отбасына аман-есен және дені сау болып оралатынын білуі керек, - деп Арман Қалықов депутаттық сауалын оқып берді.

Өзгелердің жаңалығы