Әрбір азамат референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс – Түзелбаев

11 Мамыр 2022, 17:01
1643
Бөлісу:
Әрбір азамат референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс – Түзелбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Референдум өткізу туралы жаңалыққа «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев түсініктеме берді.

Оның пікірінше, елдің әрбір азаматы референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс.  Ол Үкіметтің атқарушы билік институты ретінде қаңтар оқиғаларынан кейін азаматтардың сенімін қалпына келтіруі керек екенін атап өтті.

Әрине, қазір ұсынылып отырған Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамды одан әрі демократияландыруға, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны қуантады. Егер қаңтар оқиғасының ауыр зардаптары болмаса, Үкіметтің отставкаға кетуі мүмкін емес еді. Өкінішке қарай, бүгінде ҚР азаматтары үкіметтің бұрынғы құрамы жол берген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің салдарын әлі де бастан кешуде. Сатып алу қабілетінің төмендігі, көлеңкелі монополиялар, рейдерлік, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, елдегі тауарларға түсініксіз баға белгілеу, жеке тұрғын үй сатып алуға қол жетімділіктің төмен деңгейі, заңнамадағы олқылықтар. Демек, Үкіметке заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді өз жауапкершілігіне алу құқығын бере отырып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты НҚА-ны қоғамдық талқылау нормаларын елемей, қайта бетпе-бет келу қаупі бар екені белгілі болды, - деді ол  «Конституциялық реформа: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы