Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма? – Зайытов министрге сұрақ қойды

18 Наурыз 2024, 14:20
1649
Бөлісу:
Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма? – Зайытов министрге сұрақ қойды
Фото: pixabay.com

Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма? Мұндай сұрақты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровға қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Зайытов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға медицина саласының қызметкері ретінде қысқаша сұрақ қойғысы келетінін айтты.

Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма, Ақмарал Шәріпбайқызы?

Метадон туралы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ол науқас басқа наркотикті іздегенде үлкен қылмысқа барып жатса, оның алдын алу үшін кезінде бұл халықаралық тәжірибе ретінде енгізілген, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Ринат Зайытов осы мәселеге қатысты дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.

Онда мен дөңгелек үстелді өткізуді сұраймын. Себебі бізге де шағымданып жатқан мамандар бар. Сіздің ведомстводағы Дудник мырзаға бірдеңе дәлелдеу мүмкін емес. Ол кісі өзінің позициясын ұра береді екен. Бір нашаға тәуелді адамды екінші түрімен емдейміз деген ақылға қонбайтын нәрсе, - деді Ринат Зайытов.

Бұған дейін мәжілісмен аяқ-қолы жоқ адам неліктен 2-3 рет келіп өзінің мүгедек екенін дәлелдеу керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы