Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аралдағы апат: мамандар 5 балдық жер сілкінісін тіркеді

9 Сәуір 2025, 07:45
1265
Бөлісу:
 www.istockphoto.com
Фото: www.istockphoto.com

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мамандары Индонезияда 5 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 530 мыңдай адам тұратын Генерал Сантос қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 156 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ аймақта цунами қаупі жарияланған жоқ.

Бұған дейін Индонезияның Симелуэ аралының жағалауында 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы