Арал теңізінің құрғаған жеріне өсімдіктер егіледі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Арал теңізінің құрғаған жерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде жиын өткізді.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 13:25
Бүгiн 2026, 13:25
187
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның ғылыми қызметкерлерімен және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары және ғылыми қызметкерлердің атқарып жатқан зерттеулері жайлы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның Алматы филиалына бірқатар тапсырмалар берілді. Арал теңізінің құрғаған табанында отырғызу материалдарын өсіру фитолесомелиорациялық екпелерді құру бойынша жұмыстар бақылауда болуды назарға алу тапсырылды, - делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті

Наверх