Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады – Тоқаев

30 Қыркүйек 2021, 14:21
3761
Бөлісу:
Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе аумақтың 11%-ын құрайды. Биыл елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Тоқаев атап өткендей, ең ірі экологиялық апат - Арал теңізінің құрғауы тұзды шөлдердің пайда болуына себеп болды.

Құмды дауыл атмосфераға тек Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне де тонна улы тұздарды тасымалдайды. Сондықтан өзбек әріптестерімізбен бірге Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызуды ұлғайту бойынша Қазақстанға арналған жеке бағдарлама қабылдадық. 2025 жылға қарай 1,5 млн га жерді қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы