Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады

Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 Маусым 2024 2024, 20:12
АВТОР
 Үкіметтің баспасөз қызметі 27 Маусым 2024 2024, 20:12
27 Маусым 2024 2024, 20:12
624
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты даму және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жалпы, Араб координациялық тобының қорлары ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады.

Ислам даму институттарының қаржыландыру шарттары халықаралық капитал нарығындағы ең бәсекеге қабілетті шарттар болып табылады. Сондықтан Араб координациялық тобымен ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық біздің инвестициялық саясатымыздың басым бағыты болып табылады, — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Наверх