Қарағандының теміржол вокзалында жаңа терминалдың құрылысы басталды

14 Мамыр 2019, 11:15
1868
Бөлісу:
Қарағандының теміржол вокзалында жаңа терминалдың құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта жөндеуден кейін вокзалдың өткізу қабілеттілігі 2,5 есеге артады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қарағандыда теміржол вокзалын қалпына келтіру бойынша жұмыстар кестеге енді. Аймақ басшысы Ерлан Қошановтың сынынан соң мергідер фирма жұмысты мерзімге сәйкес жүргізуде. 

"Облыс әкімі сәуір айында нысан құрылысымен танысып, жұмыстардың баяу жасалып жатқанын сынға алды, және де жағдайды дұрыстауды тапсырғанКезекті тексеріс кезінде мердігер аймақ басшысына енді барлық жұмыстардың жоспар бойынша жүріп жатқанын баяндады. Жаңа терминалды құру жұмыстары басталды", - делінген таратылған ақпаратта.
 
Қайта жөндеуден кейін вокзалдың өткізу қабілеттілігі 2,5 есеге артады. Жаңа құрылыстың арқасында ғимарат кең әрі ыңғайлы болады. Жолаушылардың қозғалысы үшін перронда жер үсті өткелдері пайда болады, онда жеделсатылар қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық мүмкіндіктер бқарастырылады. 
 
Қарағандыда темір жол вокзалының ғимараты 1956 жылы салынған. Соңғы толық жөндеу жұмыстары 11 жыл бұрын өткізілген. Жаңартылған вокзал жыл соңында ашылады.
 
 
Өзгелердің жаңалығы