Қарағандылық полицейлер көпірден секірмек болған жас қызды құтқарды

22 Сәуір 2020, 13:25
1670
Бөлісу:
Қарағандылық полицейлер көпірден секірмек болған жас қызды құтқарды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық полицейлер аспалы көпірден секіріп кетпекші болған жас қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

21 сәуір күні кешкілік құрамында полиция қызметкерлері Рауан Оразбеков, Аман Әбілдә және Елубай Насурллаев бар автопатруль төтенше жағдай режимін сақтау шаралары бойынша Бұқар-Жырау даңғылының бойында қызмет атқарып тұрған. Сағат 21.40 шамасында, олардың жанына инкоссатор көлігі тоқтап, көлік жүргізушісі көпірдің үстінен өткенін және ол жерде бір адам көпірден секірмекші болып тұрғанын хабарлаған.

Патрульдік жасақ қызметкерлері аталған оқиға бойынша жедел басқару орталығына хабарлап, полицей Рауан Оразбеков автокөлікпен бірден сол жаққа бағыт алса, оның әріптестері Аман Әбілдәмен Елубай Насурллаев жаяу адамның көпірдің қай бетінде тұрғанын анықтауға кіріскен. Полиция қызмектерлерінің көлігін көрген қыз олардың қасына жақындамауын талап етіп, өзін төменге тастап жіберетіндігін айтқан.
Оқиға орынына келгенімізде азаматша көпірдің темірінен ұсталып, төменге қарай секірмекші болып тұр екен. Біз оның ондай әрекетке бармауын сұрадық. Дегенмен ол айтқан бетінен қайтпайтынын айтып, жылаумен болды. Оның өмірін сақтап қалу мақсатында әріптесім, Елубай әңгімеге тартып, көңілін бөліп тұрды. Мен болсам, оны қалай да аман алып қалу мақсатында жанына жақындадым. Бір сәтте ол қолын темірден алып өзін төменге тастап жіберуге оқталған сәтте ұстап қалуға мүмкіндігім бар екенін сезгеннен кейін оның екі қолынан шап беріп ұстап алдым,-дейді полиция лейтенанты Аман Әбілдә.

Осыдан кейін қос полицей қыз баланы қауіпсіз жерге шығарып,не үшін бұндай қадамға бармақшы болғанын анықтауға тырысқан. Бірақ, жылаудан басқа тәртіп сақшыларына еш нәрсе айтпаған 19 жастағы қызды жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Қазіргі таңда ол азаматшамен психолог мамандар жұмыс жасап жатыр.  




Өзгелердің жаңалығы