Қарағандылық азамат интернет алаяққа алданып қалды

3 Қыркүйек 2020, 07:23
2223
Бөлісу:
Қарағандылық азамат интернет алаяққа алданып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны интернет алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек күні Саран қалалық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтардың құрбаны болғаны туралы шағымданған. Ол өзінің шаруа қожалығына бірнеше бұзау сатып алғысы кеп, интернеттің көмегіне жүгінген. Хабарламаларды қарау барысында бұзау сатамын деген сатушы табылып, жәбірленушіге бірнеше құжаттарды жіберген. Сондықтан ол алаяқтың құрбаны болатынын сезбеген. Екеуара келісілгеннен кейін жәбірленуші бейтаныс азаматтың есеп шотына 225 мың теңге ақша жіберген. Арада апта өткен соң алатын малы қолына тимеген жәбірленуші көмек қолын полициядан сұраған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы Түркістан облысының тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер мен интернеттен заттар сатып алу барысында азаматтарға өте сақ болуларын және алаяқтардың құрбаны болмауды ескертеді. Сондай-ақ, есепшоттың нөмірі мен интернет-банкингтің құпия сөзін ешкімге бермеу қажет.

Өзгелердің жаңалығы