Қарағандыда «Жыл оқушысы – 2019» байқауы басталды

22 Қаңтар 2019, 19:33
4590
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Қарағандыда «Жыл оқушысы – 2019» VIII қалалық байқау басталды. Оған қаламыздың 64 мектептері мен гимназияларынан 6-11 сыныптарда оқитын 143 оқушы қатысады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Байқау 5 кезеңнен құралады. Ең алдымен қатысушыларға берілген тақырып бойынша эссе жазу керек болатын. Екінші кезеңде шешендік өнері сынға алынады. Осы екі кезеңнің нәтижелері бойынша қазылар алқасы үздік қатысушыларды іріктеп, олар әрі қарай байқауда бақтарын сынауды жалғастырады. Үшінші кезең сырттай өтеді. Онда байқауға қатысушылардың жетістіктер портфолиосы бағаланады. Бұл кезеңнен әр параллель сыныптардан 4 оқушы ғана өтеді.

Одан әрі үміткерлерді оn-line дауыс беру күтіп тұр. Ол қорытынды нәтижеге ықпал етпейді, алайда көрермендер көзайымы жүлдесін алатын оқушыны анықтайды. Ақтық сайыс дәстүрлі түрде мамырда өтеді. Қорытынды кезеңде шығармашылық тапсырмалар беріледі. Онда финалға шыққандар өздерінің сүйікті істері, мектептегі өмірі, алға қойған мақсаттары, жетістіктері мен жеңістері жайлы баяндап береді.

Өзгелердің жаңалығы