Қарағандыда әскерилер «Отан отбасынан басталады» атты акция өткізді

9 Қыркүйек 2019, 17:09
1925
Бөлісу:
Қарағандыда әскерилер «Отан отбасынан басталады» атты акция өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Шалқыма» концерт залында Ұлттық гвардия әскери қызметшісінің көп балалы отбасының «бенефисі» өтті. 35 жастағы старшина Оралхан Көкешов пен жұбайы Айнұр сегіз бала тәрбиелеп отыр: жеті ұл мен бір қыз. Ұлының үлкені 13 жаста, ал ең кішісі әлі бірге де толғын жоқ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хаьбарланды.

Кешке «Отан – отбасынан басталады» құттықтау рәсімі тәрбие бөлімдерінің басшыларына арналған оқу-әдістемелік жиынмен аяқталды. Шара үш күн бойы Қарағандыда «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінде өтті. Жиынға Ақмола гарнизонының әскери бөлімдерінің және ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институтының өкілдері қатысты.

ҚР Ұлттық гвардиясы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұхометқали Сатов офицерлердің кәсібилігін жетілдіру шаралары туралы айтып берді. Оның айтуынша, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Жалақыны арттыру, тұрғын үйді жалға алуға көмек көрсету жоспарлануда.

Жиналғандар әскери қызметшілерді тәрбиелеу, ақпараттық-насихаттау жұмыстары саласындаы тәжірибелерімен алмасты.

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке қарсаңында әскери қызметкерлер облыс әкімдігімен бірге отбасылық құндылықтар мен неке мәртебесін нығайтуға бағытталған акция ұйымдастырды. Нақты бір көпбалалы отбасының тарихы үлкен сахнада көрсетіліп, таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы