Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экспозицияда қарағандылық, қазақстандық және ресейлік суретшілердің көктем мен достық туралы туындылары ұсынылған.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Мамыр калейдоскопы» көрмесі өтті. Экспозицияда қарағандылық, қазақстандық және ресейлік суретшілердің көктем мен достық туралы туындылары ұсынылған.
"Бұл көрмеде түрлі ұлт суретшілері салған бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрындағы жұмыстары қойылған. Олар көктем туралы, халықтың бақыты мен 1945 жылдың мамыр айында Ұлы Жеңіске деген ұмтылыстары туралы сыр шертеді", - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Экспозицияда Виктор Харловтың «Жеңіс» картинасы басты назарға ие. Қыл қалам шебері жаумен күресте көптен күткен жеңістен халықтық алған қуаныш сәтін бейнеледі. Мұражай қызметкерлерінің пікірінше, келушілер Гүлфайрус Исмаилова, Айша Ғалымбаева, Манатбек Аманбаев, Сергей Щеголихин және Вениамин Шамшин секілді басқа да авторлардың туындыларына зор қызықғушылық танытуда.
Көрме аясында Кеңес Одағының батырлары атанған жерлестеріміз туралы заманауи бейнематериалдарды қолдану арқылы мұражай сабақтары өткізіледі.
Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.