Қарағандыда инженерлік желілерге қосылу картасы жасалады

15 Қаңтар 2020, 23:24
1827
Бөлісу:
Қарағандыда инженерлік желілерге қосылу картасы жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда инженерлік желілерге қол жетімді түрде қосылу картасы жасалады. Бұл коммуникацияларға қосылуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға көмектеседі, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері коммуналдық кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Оларды бағалау нәтижесі бойынша, тұтынушыларда ең көп қиындықтар инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды алу кезінде туындайтыны анықталды.
Біз 2019 жылғы қаңтар-қараша аралығында "Теплотранзит-Караганда" ЖШС 415 техникалық шарт бергенін анықтадық. Оның ішінде 108-не теріс жауап келген. Біздің ойымызша, себептер кей кезде негізсіз болған. Осындай әділетсіздік пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қазір іс-қимыл жоспарын әзірлеп жатырмыз, - деді Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Берік Ахметов.

Жоспарға инженерлік желілерге қосылудың электрондық картасын жасау кіреді. Ол қандай аудандарда мұндай мүмкіндік бар екенін, ал қандай аудандарда жоқ екенін көруге мүмкіндік береді. Карта құрылыс үшін жер сатып алғысы келетіндерге пайдалы болады.

Сондай-ақ, департамент пен қала әкімдігінің қызметкерлері коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын бір терезе қағидаты бойынша қайта құру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бұл өз кезегінде құжат беру процесін жеделдетуге, соның салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға көмектеседі.
Іс-шаралардың толық жоспары жақын арада әзірленеді. Оны осы жылдың жазының соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
 


Өзгелердің жаңалығы