Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтық қоғамды дамыту. Жоғарыда айтылғандар туралы Қарағанды қаласының Достық үйінде өткен Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ХХІІ сессиясында талқыланды. Дәстүр бойынша аймақтың этно-бірлестіктер Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні қарсаңында жиналады.
Сессия ұйымдастыру сұрақтарымен басталды. Жыл сайын облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарлары ротацияланады. Делегаттардың мақұлдауымен бұл өкілеттіктерді "Вайнах" шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Увайс Джанаев пен қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков алды.
1 желтоқсанда біз ерекше мереке - Тұңғыш президент күнін атап өтеміз. Бұл күн біздің тәуелсіздігіміздің логикалық жалғасы болды. Елбасы қазақстандық табыстың үш кілтін анықтады. Біріншісі - барлық қазақстандықтың ұлты мен діни сеніміне қарамастан бірлігі. Екінші – біздерге және әрқайсымызға тән төзімділік. Үшінші – тарихи тағдырдың ортақтығы және ортақ болашақ, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Жанжалдар түсініспеушіліктен және бір-бірімен келіспей қалудан туындайды, деп атап өтті өңір басшысы. Ол жаһандық әлемдегі жаңа сын-қатерлер тақырыбын қозғады.
Әкімнің айтуынша, жақында қарағандылық меценаттарды Нұр-Сұлтан қаласында атап өтті. Бұл марапатқа ҚХА мүшелері, кәсіпкерлер Иван Георгиади, Шамиль Осин және "Намус" әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Гүлага Векил-оглы Рзаев ие болды.
Азаматтық бастамалардың нағыз орталығы Достық үйі болды. Оның базасында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, "Мәміле" қазақ тілінің пікірталас клубы, жас ақындар мектебі және "Күй керуен" мектебі құрылды. Ғылыми-ағартушылық, тарихи және өлкетану жобалары жүзеге асырылуда. Кез келген отбасындай біздің ортақ еліміздің барлық азаматының қарым – қатынасы – бұл үздіксіз жұмыс процессі, онда демалыс пен үзіліс болмауы тиіс, себебі этносаралық келісім - біздің гүлденуіміздің рухани көрінбейтін іргетасы, - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Сессияда Литвадан келген қонақ, Вильнюс университетінің профессоры, сәулетші Альгис Вишнюнас сөз сөйледі. Ол Қарағандыда туған қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы. Оның айтуынша, Литвада Елбасының тарихи жадыны сақтауға және елдер арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі ерекше бағаланады. Бұған дәлел - Нұрсұлтан Назарбаевты Литва ұлы князі Гедиминас орденімен марапаттау.
Елбасы саясатының даналығы мен елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал ететін маңызды шешімдер туралы этномәдени бірлестіктердің басшылары баяндады. Арыс қаласына зардап шеккендерге көмек көрсетуге өз еркімен келген қарағандылық Евгений Хисметов азаматтарды еріктілер қатарына кіруге шақырды. Шет ауданының жастар белсендісі Евгений Янке қазақ тілінде өнер көрсетіп, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы идеяларының құндылығын атап өтті.
Сессия соңында облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің басшыларына өз орталықтарын дамытуға сыйақы табыс етті.