Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары мен қонақтарын сенбі, 27 сәуірде өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңке Құрылысшылар даңғылы, 35/2 мекенжайы бойынша орналасқан «Сарыарқа» сауда үйінде өтеді.
«Жәрмеңкеде облыстың ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Сатып алушылар ет, сүт өнімдерін және көкөкністерді нарықтағы бағадан төмен құнмен сатып ала алады», - делінген хабарламада.
«Сарыарқа» сауда үйіне дейін №01, 012, 014, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 маршрутты қоғамдық көліктермен жетуге болады.