Қарағанды, BAQ.kz тілшісі. Облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі тәркіледі. Үйінде мариxуана сақтаған 39 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
31 қаңтар күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз үйінің ауласында есірткі сақтаған азаматты құрықтап, заңсыз айналымнан 66 келіден астам марихуана тәркіленді.
«Ағымдағы жылдың қаңтарында заңсыз айналымдағы есірткі заттарын тәркілеу мен таратудың алдын алу мақсатында жүргізілген жедел алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 39 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оның үйінің ауласынан 66 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген зат марихуана есірткі заты екені анықталды», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.
Ведомосто мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
«Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 тармағы яғни «ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - дейді Б.Құдияров.