Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының соттарында осы жылдың соңына дейін тағы да 10 фронт-кеңсе ашу жоспарлануда. Бұл туралы брифингте облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов хабарлады.
Ол сондай-ақ облыс соттарында жұмыс істейтін Жоғарғы Соттың басым жобалары туралы айтты. "Соттан тыс татуласу" жобасы аясында Қарағанды облысында 5 татуласу орталығы ашылып, жұмыс істейді. Олар Қарағанды және Сәтбаев қалаларында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Достық үйінде, Кәсіподақтар федерациясының үйінде, Осакаров ауданының оқушыларға қосымша білім беру орталығында, Қарағанды облысының кәсіподақ орталығының ғимаратында бар.
Биылғы жылы Қарағандыда тағы бір Татуласу орталығын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қарағанды облысының аумағында 59 медиация кабинеті жұмыс істейді. 30 би кеңесі құрылды, оған бір жыл ішінде 105 өтініш түсті. Облыс орталығында осындай Би кеңесін ұйымдастыру жоспарда бар. "Үлгілі сот" жобасы аясында Қарағанды, Шахтинск, Абай қалаларының соттарында 11 фронт-кеңсе құрылды. Осы жылдың қаңтар айынан бастап осындай кеңсе Қарағанды ювеналды сотында жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 10 фронт-кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл соттарда келушілердің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік береді: ресепшндер, сандық кезек, төлем терминалдары, қолайлы мәжіліс залдары мен күту орындары. Жергілікті жерде медиаторлар, адвокаттар, нотариустар кеңес береді, - дейді Нұрсерік Шәріпов.
Оның айтуынша, сот төрелігіне қолжетімділікті ұлғайту үшін 7 елді мекенде әкімдіктер жанынан "Виртуалды Сот" кабинеті ашылды.