Қарағанды облысының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттар азайды

27 Қараша 2019, 01:41
2752
Бөлісу:
Қарағанды облысының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттар азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының кәсіпорындарында жұмысшылар сирек жарақат ала бастады. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Биыл өңірдегі жарақаттану деңгейі 18%-ға төмендеген. Мұндай нәтижеге өңірдің ірі кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттарға қол қоюының арқасында қол жеткізілді. Құжатта, атап айтқанда, жұмыс берушілердің өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да міндеттемелері жазылған. Бүгінгі таңда бұл келісімді облыстың барлық өнеркәсіп алыптары жасады. 

Сонымен қатар өңірдегі кәсіпорындардың жалақы бойынша берешектерін өтеу біржолға қойылды. 2019 жылдың басынан бері 286,9 млн теңге жалақы бойынша берешек өтелді. Сондай-ақ, кәсіпорындарда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер қысқарды. 

Еңбек қақтығыстары да азаюда. Мысалы, егер соңғы 7 жылда олардың саны 10 болса, биыл бір ғана жағдай тіркелді. Ол қысқа мерзімде шешілуі тиіс, - делінген хабарламада. 

 


Өзгелердің жаңалығы