Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 сәуір күні Қарағанды облысының емханаларында бірыңғай Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық қызметі хабарлады.
Аталмыш акцияның мақсаты халықтың вакцинация туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру болып табылады. Келушілерге ересек азаматтар қандай да бір себеппен дифтерияға, сіреспеге қарсы екпені алмаған болса, оны қалай және қайда жасай алатынын айтып береді.
Сондай-ақ, бұл күні облыстың барлық емханаларында алдын ала жазылусыз терапевт, хирург, онколог және акушер-гинеколог қабылдау жүргізіледі.
Сонымен қатар шара барысында зертханалық диагностика, флюорографиялық зерттеу, УДЗ зерттеу, сүт бездерінің маммографиясын өтуге болады.