Қарағанды облысында жыл соңына дейін 100 IT-сыныптар ашылады

21 Ақпан 2019, 20:14
2213
Бөлісу:
Қарағанды облысында жыл соңына дейін 100 IT-сыныптар ашылады

Астана, BAQ.KZ. Облысымыздың колледждері мен мектептеріндегі 100 кабинеттер заманауи компьютерлермен жабдықталады. Осының арқасында студенттер мен оқушылар бағдарламалауды, 3D модельдеуді және web-парақша құруды анағұрлым тереңірек меңгеретін болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жаңа сыныптарда ІТ-теxнологияларды екі мыңға жуық оқушылар оқиды деп жоспарланып отыр. Олар үшін дәрістер тегін жүргізіледі.

Өткен жылы Қарағанды облысында осы секілді 76 кабинет ашылды.

Заманауи компьютерлермен облыстың қалаларындағы да, ауылдардағы барлық мектептерін жабдықтау көзделіп отыр. Бұл жаңартулар «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT – сыныптар» жаңа бастамашыл жобаларын жүзеге асыру шеңберінде өткізілетін болады. Қажетті теxника жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен сатып алынады.

Өзгелердің жаңалығы