Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 2 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Ауру жұқтырғандардың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адамдар. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
09.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды. Қарағанды облысында үй карантинінде 1594 адам бар, ал тәулік бойы бақылауға 818 пациент алынған.